Синоптиктер 2, 3, 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына циклон әсер етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде нөсер жауын, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Батыс және оңтүстік-батыс облыстарда күндіз ауа температурасы +31…+38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста +27…+35 градус болады. Ал солтүстік пен орталық өңірлерде күн салқындап, ауа температурасы +18…+28 градус шамасында сақталады.
Шығыс Қазақстанда аптап ыстық болып, ауа температурасы +30…+37 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда +25…+35 градус ыстық болады.