– Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі.
Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс.
БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады, – деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форумның жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі пандемияның қоғамға қалай ықпал еткенін айтқан еді.