«Аянышты көрініс»: Заңгер Мамайдың сотта не себепті жеңілгенін айтты

Dalanews 18 мау. 2021 06:52 1074

Заңгер Айжан Ташимова Жанболат Мамайдың соттағы жеңілісінің бірнеше себебін атап берді. Оның айтуынша, сот процесінің мерзімдері нақты дәлелді ұсынуға жеткілікті болған. Алайда жауапкерлер сотта өздері таратқан мәліметтердің шынайылығын дәлелдей алмаған. Бұл туралы заңгер Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Жауапкерлер ұсынған материалдарды екі топқа бөлуге болады, біріншісі талап-арыздың мәніне жатпайтындар және бір қызығы, өздерінің «әшкерелеуші» мәлімдемелерінің жалғандығын дәлелдейтін материалдар. Мысалы, пікірталас кезінде мен олардың жалған видеоларын егжей-тегжейлі саралап шыққаннан соң, жауапкерлер маған бірде-бір сұрақ қоймады, – дейді заңгер.

Бұған қоса заңгердің төтесінен қойған сұрақтарына жауап бермеген. Белгілі болғандай, Ж.Мамай адвокаттың сауалына жауап беруден бас тартқан, ал И.Иманбай болса мүлдем қашып кеткен.

– Олар менің нақты жауапты талап етіп, төтесінен қойған сұрақтарыма жауап бермей, әр нәрсені айтып жалтарды. Бұл істің пайдасыздығы мен күлкілі екендігін ескеріп, көптеген сұрақтарды қойған да жоқпын (бұл аянышты көрініс болды!). Сұрақтар сол күйі жауапсыз қалып қойды, – деді ол.

Мамайдың «дәлелдерін» екіге бөлуге болады. Іске қатысы жоқ және өзі өтірігін әшкерелейтін бос әңгімелер, – дейді заңгер А.Тәшенова



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар