Арқалықтағы екі колледжде грантқа қатысты заңбұзушылық анықталды

Арқалықтағы екі колледжде грантқа қатысты заңбұзушылық анықталды
depositphotos.com

Арқалық қаласының прокуратурасы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі және Арқалық политехникалық колледжінде бюджет заңнамасы сақталуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеріс нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегі анықталған.

"Кейбір студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім алып, елдің басқа өңірлерінде жұмыс істегені анықталды, бұл қаржыландыру шарттары бұзылғанын білдіреді. Қабылданған прокурорлық шаралар нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млн теңге қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.