Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан президентіне алғыс айтты.
Сондай-ақ, достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.
Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.