Экскурсия жүргізуші болып бастаған: Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды

Экскурсия жүргізуші болып бастаған: Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz

Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы қаласы тарихы музейі" КМҚК-да экскурсия жүргізуші болып бастаған.

2025 жылғы қаңтардан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.