Ауладан ұлттық құрамаға дейін: Ваня-ағайдың жолы

Дінасыл Хамит 26 жел. 2025 19:30

Иван Ильницкий Тараз жұртшылығына «Ваня-ағай» деген атпен жақсы таныс. Ол бүгінгі таңда Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүрген бірқатар танымал футболшыларды тәрбиелеп шығарған білікті бапкер. Оның шәкірттері арасында Бауыржан Исламхан, Мұхамеджан Сейсен, Бахтиёр Зайнутдинов сынды елге белгілі ойыншылар бар, деп хабарлайды Dalanews.kz

Украин КСР-де дүниеге келген Иван Ильницкий жастайынан Қазақстан жерінде өсіп-өнді. Футболға деген ерекше ықыласы Бирлесу-Еңбек ауылында оянды. Сол жерде ол балаларға алғашқы жаттығуларын өткізіп, тіпті футбол қақпаларын да өз қолымен жасап орнатқан. Бұл қақпалар әлі күнге дейін қолданыста.

Жаттықтырушы таланты бар балаларды қала ауласы мен шағынаудандардан іздеп тауып, олардың отбасыларымен тығыз қарым-қатынас орнатуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына жаттығуларға тегін қатысуға мүмкіндік берген.

Иван Ильницкий қазақ тілін еркін меңгерген және барлық жаттығуларды қағидатты түрде қазақ тілінде өткізеді. Оның айтуынша, бұл — балаларға, сондай-ақ өзі қызмет етіп жүрген ортаға деген шынайы құрметтің көрінісі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар