Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 2024 жылғы өзінің өндірістік, қаржылық және экологиялық қызметін қорытындылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кәсіпорын тиімділік пен тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетуді жалғастырып келеді. 2024 жылдың тамыз-қараша айларында отын шығынының нақты көрсеткіштері 8,45-9,80%-ды құраап, нормативтік деңгейден едәуір төмендеген (12,47-14,5%). Бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1-4%-ға төмен.
Өнімді өндіру.
Ал сұйытылған мұнай газы (СМГ) өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 6 322 тоннаға артып, қараша айында 23 080 тоннаға жетті. Авиакеросин өндіріс 57%-ға өсіп, 23 848 тоннаны құраса, мұнай өңдеу 10 айда 4 583 407 тонна шикізат қайта өңделді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57 336 тоннаға артық.
Сол сияқты АМӨЗ операциялық шығындарды оңтайландыруды жалғастыруда. 2024 жылғы 10 айда шығындар 22%-ға төмендеп, жоспарланған 150,6 млрд теңгенің орнына 117,4 млрд теңгені құрады. Ал жөндеуге, материалдарға және экологиялық шығындарға үнемдеу сәйкесінше 59%, 20% және 75% құраған. Мұнай өңдеуге жұмсалатын үлестік шығындар бір тоннаға 54 887 теңгеге дейін төмендетілді (болжамнан 11 125 теңгеге төмен).
АМӨЗ өзінің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыруда. Кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындылары 11,9%-ға (1 053 тоннаға) азайтып, ағынды сулардың төгінділері 68 тоннаға төмендеткен. Бұл қондырғыларды қайта құрудың нәтижесінде мүмкін болған. Тазарту құрылыстарын жаңғыртудың арқасында қалдықтар көлемі 39%-ға қысқарса, парниктік газдар шығарындылары 20 509 тоннаға (1,5%) азайды.
Компания қызметкерлердің шетелде біліктілігін арттыру үшін Халықаралық бағдарламалар орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру үшін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен әріптестік іске қосылды. Ұжымның әлеуметтік тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар өткізілді, әлеуметтік тұрақтылық индексі 9%-ға өсіп, 68%-ды құрады.
Кәсіпорында қызметкерлер саны 2 525 адамға дейін ұлғайды, оның 43%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Еңбек жағдайларын жақсарту шараларының арқасында 2024 жылы кадрлардың тұрақтамауы 2,31%-ға дейін төмендеді.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу аясында 2024 жылы 15 технологиялық қондырғы сәтті жаңартылды. Жөндеу жұмыстары кестеден бұрын аяқталды, бұл жоғары октанды бензиндер өндірісін тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
PEP Solomon бағдарламасы аясында операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған 24 ұсыныс іске асырылды. Жаңа тәсілдерді енгізудің экономикалық әсері жылына 1,5 млрд теңгеден астамды құрады.
АМӨЗ озық технологияларды енгізуді, қоршаған ортаға әсерді азайтуды және тұрақты өндірісті қамтамасыз етуді жалғастыра отырып саланың жетекші кәсіпорындарының бірі ретінде , өз мәртебесін растайды.