Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауытының бірі - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға да барды,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Экскурсия барысында ол кәсіпорындағы жеке басқару тәсілі зауыт жұмысының тиімділігіне, атап айтқанда, жиі жөндеу жұмыстарының болмауына оң әсер ететінін атап өтті.
"Сіздерге қарап, біз шынымен сапалы өнімнің куәсі боламыз: жөндеуге кететін ең аз шығын, ең бастысы — перспективалы инвестициялық жоба. Біз бұл жұмыстарды үлгі болады деп санаймыз және басқа екі зауытта да осындай тәсілді қолдануды жоспарлап отырмыз. Жекешелендіру кеңсесі шеңберінде біз сіздердің мысалдарыңызға сүйене отырып, жеке инвесторларға екі МӨЗ-дегі үлесті ұсынбақпыз. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - деді Марат Омаров.
Айта кетсек, 2024 жылы агенттік мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, "ҚазМұнайГаз" тұлғалар тобына кіретін "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС нарықта үстем жағдайға ие субъект ретінде танылды.