Атамбаев: "Артық кеттім-ау..."

Dalanews 18 қаз. 2017 06:36 776

Ашу дұшпан, ақыл дос. Атамбаев түсінсе керек мұны. Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берген Атамбаев өзінің өткендегі пікірлеріне қатысты артық кеткенін мойындапты. Бұл туралы Қырғызстанның kg.akipress.org порталы хабарлады. 

Алайда әуелгі сөзінде Атамбаев Қырғызстанның басқа да көршілері бар екенін тілге тиек етіпті. 

"Иә, Қырғызстанның басқа да көршілері бар (бұл арада ол Қазақстаннан өзге дегенді меңзегені анық). Қырғызстан өз өнімдерін – Қытайға, Өзбекстанға, Тәжікстанға өткізе алады", – депті Атамбаев.
Дегенмен, әрі бауырлас, әрі көршілес Қазақстанмен тату тұрудың қажеттілігін де атап өтіпті. 

"Бәлкім, Қазақстан президенті туралы сол шақта тым эмоциямен айтқан шығармын. Мұным қателік болған шығар. Артық кеткен жоқпын ба, соңғы бірнеше күн осыны ойладым. Назарбаев өзінің ортасына сенеді. Ал оның ортасы, айналасы кім? Олиграхтар. Ол да мен сияқты сенгіш...", – депті Атамбаев. 

Айтуынша, Қазақстандағы олихаргтардың ақыл-ойы Назарбаевтан кейін не болады және жиған-тергенімізді қалай сақтап қаламыз деген уайым-қайғы ғана. 
"Өз басым әрдайым, әрқашан көршімізбен бауырлас, тату әріптестікті қалаймын. Көршілермен қабақ шытыспай тату тұрғанымыз абзал. Рас, кейде төзімділік таныту керек шығар, дегенмен тәуелсіздігімізді әрдайым қорғауымыз қажет, – деген екен Атамбаев. 

Айта кетсек, Қырғызстандағы сайлау қарсаңында Алмазбек мырза Қазақстан билігіне қарата өткір-өткір сын айтқан. "Көршіміз ішкі ісімізге тұмсық тығып отыр" деген–тұғын Атамбаев. Мұнымен тыйылмаған. Араға уақыт салып тағы бір мәлімдеме жасаған. Бұл жолы қазақтың соңғы ханы Кенесарыға тіл тигізген болатын. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар