Астаналық 20-дан астам тұрғын алаяққа алданып қалды

Қаракөз Амантай 23 қаз. 2024 09:21 1689

Астанада 20-дан астам азамат кәмелетке толмаған алаяқтан зардап шекті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредит ресімдеу жоспарын әзірлеген.

Жәбірленушілердің ақшасын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.

"Сонымен қатар жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған", - деп жазылған Астана қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Осылайша, кәмелетке толмаған алаяқ 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажетіне жұмсағаны сотта дәлелденді.

Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар