Астанадағы LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін

Қаракөз Амантай 12 нау. 2026 16:09

Астана әкімдігі LRT-мен жүру тарифіне қатысты ұсыныс жариялады. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған. Құжат жобасына сәйкес, LRT желісіндегі бір жолғы жолақы 200 теңге болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл баға елордадағы кәдімгі қалалық автобустардағы жолақыдан шамамен екі есе қымбат. Алайда қала маңына қатынайтын жедел автобустардың тарифінен сәл төмен.

Жолаушылар жол ақысын өздеріне ыңғайлы тәсілмен төлей алады. Яғни төлемді қолма-қол да, қолма-қолсыз да жүргізуге мүмкіндік қарастырылған.

Ал мектеп оқушылары, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар LRT-мен де тегін жүре алады. Бұл жеңілдіктер елордадағы басқа қоғамдық көліктерде қолданылатын тәртіппен бірдей болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove