Астанада шенеуніктердің қателігінен инвестор мектеп пен балабақша ашуға рұқсат ала алмаған

Қаракөз Амантай 15 қаң. 2025 10:45 213

Астанада инвестор шенеуніктердің жіберген қателігіне байланысты оқу ордасын ашуға рұқсат ала алмаған. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2020 жылы қалада мектеп пен балабақша құрылысы басталған болатын. Прокуратураның мәліметінше, бұл жобаның құны 1,3 миллиард теңге болып, оның арқасында 90 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туған.

“Құрылыс аяқталған соң уәкілетті орган инвесторға нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан. Шешім жобаның қате түрде техникалық күрделі нысан санатына жатқызылып, мемлекеттік сараптамадан өтуді талап етуіне байланысты қабылданған”, – делінген хабарламада.

Прокурорлардың араласуынан кейін инвестор тиісті рұқсат алып, мектеп пен балабақша пайдалануға берілді.

Қателік жібергендер жауапқа тартылды, бірақ олардың қандай жауапкершілікке тартылғаны прокуратурада нақтыланбады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар