Freedom Inside '26

Астанада бес баланы кастетпен ұрып-соққан жасөспірімдер анықталды

Астанада бес баланы кастетпен ұрып-соққан жасөспірімдер анықталды
pixabay.com

Астанада бес баланы бір топ жасөспірімнің аяусыз соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиғалар 10 және 11 маусым күндері елорданың бір ауданында болған. Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, жасөспірімдер тобы балаларға кезек-кезек шабуыл жасап, оларды ұрып-соққан. Кейбір шабуыл кезінде кастет қолданылған болуы мүмкін.

Шабуылдардың бір сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Балалардың алған дене жарақаттары дәрігерлер тарапынан тіркелгеннен кейін ата-аналары құқық қорғау органдарына арыз жазған.

Қылмыстық іс қозғалды

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу барысында олардың бір-бірін бұрыннан танитыны белгілі болған. Аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.