Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды ұрып-соққан жігіт қолға түсті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желідегі бейнежазбаға қарағанда, оқиға тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде орын алған. Онда ер адам бір баланы соққыға жығып,екіншісін қылқындырғанын көруге болады. Желі қолданушылары бұл оқиғаның «Эдем палас-2» тұрғын үй кешенінде орын алғанын жазып жатыр.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі балаларды ұрып-соққан қаскөйдің қолға түскенін мәлім етті.
«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қоғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазды полициядан.