Freedom Inside '26

Астана маңындағы бәйге кезінде 3 жасар бала ауыр жарақат алған

Астана маңындағы бәйге кезінде 3 жасар бала ауыр жарақат алған
видео кадры

Астана іргесіндегі Талапкер ауылында өткен бәйге кезінде 3 жасар баланы ат таптап кетіп, ол ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Баланың анасы Салтанат Ибраеваның айтуынша, оқиға кезінде ұлы үйдің маңында 8 жастағы әпкесімен ойнап жүрген. Сол сәтте көшеде ұйымдастырылған бәйге кезінде аттардың бірі баланы қағып кеткен.

Салдарынан бүлдіршіннің басы жарақаттанып, қолы сынған, сондай-ақ, ішкі ағзалары зақымданған. Анасының сөзінше, балаға бірнеше ота жасалған.

Әйел оқиғаға кінәлі адам заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Оның айтуынша, күдікті осы уақытқа дейін кешірім де сұрамаған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.