Әсет Матаев үйқамаққа ауыстырылды

Көркем Алдабергенова 31 нау. 2026 10:48

«КазТАГ» ақпарат агенттігінің құрылтайшысы әрі бас директоры Әсет Матаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы оның адвокаты Рена Керимова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Матаев 17 наурызда Алматының Медеу ауданында болған төбелестен кейін ұсталған. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша айып тағылған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиғаға қатысқан екі азамат (М. және Р.) көңіл көтеретін мекемеден шыққаннан кейін мас күйінде сөзге келіп, жанжал соңы төбелеске ұласқан.

26 наурызда Рена Керимова тергеу изоляторында журналистке барғанын айтты. Оның сөзінше, Матаевтың денсаулығында ауыр жарақаттар тіркелген: маңдайында үлкен тігіс бар, көзі ісіп кеткен, бетінің жартысы көгеріп, ісінген. Осындай жағдайда ол жаңадан жеткізілген өзге де қамаудағылармен бірге карантинде отырған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove