Арты өлімге әкеп соғатын Нипах вирусы: азаматтарға маңызды ескерту жасалды

Сағыныш Сардарова 04 ақп. 2026 15:26

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баруды жоспарлаған туристерге Нипах вирусына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мамандардың айтуынша, сапар кезінде жеке гигиена талаптарын сақтау қажет: қолды сабынмен жиі жуу не антисептик қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, жарқанат, шошқа және өзге жануарлармен байланыстан аулақ болған жөн.

Туристерге тек қауіпсіз ауызсуды ішу, шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбауға кеңес берілді. Жеміс-жидек пен көкөністі жер алдында мұқият жуып, тазалау қажет.

Дәрігерлердің мәліметінше, жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы секілді белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Айта кетейік, Нипах вирусы зооноз инфекцияға жатады. Ол адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыстан жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы да берілуі мүмкін.

Ауру жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесі зақымдалуы және пневмония арқылы көрінеді. Бүгінде Нипах вирусына қарсы арнайы ем және мақұлданған вакцина жоқ. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove