Арман Қасенов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Dalanews 19 мау. 2024 18:13 3829

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Қасенов былтырдан бері Qazaqstan Investment Corporation (QIC) басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды. Мансап жолын 2002 жылы қаржы секторынан бастаған. 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтаған. Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды. Вице-министр болып тағайындалған соң ол QIC-тегі қызметінен кетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар