Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы композитордың өлімі туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, композитор қайтыс болған сәтте оған Иманмәди Кәлелханов хабарласқан.
"Иманмәди Кәлелханов хабарласып, зауытқа тез жетуімізді сұрады. "Арману плохо" деп айтты. Не болғанын сұрап едім, "тез жетіңіздер, жедел жәрдем келе жатыр" деді. Зауытқа жеткенімізде жедел жәрдем тұрды. Ұлым екеуіміз екінші қабатқа көтерілдік. Сол кезде Арманның бетін жауып тастаған. Не болғанын сұрап едім "жүрегі тоқтап қалған" деді. Оның бәрі ешқандай жертөледе емес, екі қабатты зауыт аймағында болған", - дейді Айсұлу Айданқызы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында.
Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтарда композитор Арман Дүйсенов көз жұмған еді.
"Бұл жерге Арман не үшін келді?" деп сұрадым. Таң намазына балалармен дәрет алып келген. Сапқа тұрған кезде балалар Арманның сапқа тұрмай, жатқанын көрген. Оятса оянбаған. Маған солай деп айтылды", - дейді Айсұлу Айданқызы.
Иманмәди Кәлелханов - әнші Индира Елеместің бұрынғы күйеуі.
Жақында Алматыда әнші Индира Елеместің бұрынғы күйеуі және ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымхан Мәсімовтың серіктесі болған Кәлелхан Иманмәди алты жылға сотталды.
Іс материалдарына сәйкес, алаяқтықтың бір эпизоды марқұм композитор Арман Дүйсеновке қатысты. 2018 жылы Дүйсенов Иманмәдиге 20 мың фунт стерлинг (шамамен 9 млн теңге) берген. Бұл қаражат қызының Лондонда оқу мен тұру ақысын төлеуге арналған. Иманмәди төлемді өз орталығы арқылы өткізуге ұсыныс жасап, «салықтық тәуекелдерді болдырмау үшін» деп түсіндірген. Бірақ университетке ақша толық түспеген.
Сонымен қатар, әнші Индира Елемес өз құқығының бұзылғанын айтып, Президентке ашық үндеу жолдады. Ол 2018 жылдан бері балаларымен бірге Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тұрып жатқанын және үш пәтерді жеке қаражатымен «РАМС» корпорациясының рұқсатымен сатып алғанын мәлімдеді.
