Арысқа қанша полицей жолданғаны белгілі болды

Dalanews 24 мау. 2019 13:41 930

Арыс қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға, эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзетуге тартылды деп хабарлайды Dalanews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, жеке құрамның 463 қызметкері мен Ішкі істер министрлігі бөліністерінің 53 техникасы Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсетуде. 

Мұның ішінде 193 қызметкер және 23 техника азаматтық қорғау органдарына тиесілі. Сондай-ақ 270 қызметкер мен 30 техника полиция бөліністерінен тартылды.


Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін ҚР Ұлтық ұланының әскери бөлімінен 500 жауынгер жолданды.

Осы факті бойынша ІІМ-нің оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу)  бойынша қылмыстық іс тіркеді. 

Барлық жағдай ішкі істер органдарының қадағалауында.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Арыс қаласында балалардың жоғалуы туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат тексерілуде. Оқиға орнынан көшірілгендердің орналасқан жерлерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. 
Ішкі істер министрлігі тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырады. Ресми ақпараттарға ғана сүйену қажеттігін ескертеді.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Қауырт желі» ашылды, онда кез келген ақпаратты тәулік бойы алуға болады. Қауырт желі нөмірі 8 (7252) 44-94-72.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар