Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған түйіндемесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше сипаттап, жазба қалдырыпты. Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Барлығы жас түлекті оқуға шақырса, ал 7 жоғары оқу орны әлі жауап бермеген.
Оның айтуынша, «Алтын белгіге» де, «Үздік» аттестатқа да үміткер емес. Дегенмен бала күнінен ағылшын тілі пәнін жақсы оқыған. Тіпті 9-сыныпта жүргенде-ақ IELTS сынағын тапсырамын деген арманы болып, содан бастап тілдік қорын молайтып, қосымша білім алған.
Шапағат Сейілхан болашақта өзінің өмірін халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келеді. Яғни білім алып, елші болуды армандайды.