Қазақстанда мұғалімдерге міндетті құжат толтыру талабы жеңілдейді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттардың саны 25-тен 5-ке дейін қысқаруы мүмкін.
Бұл өзгеріс педагогтердің қағазбастылығын азайтуға бағытталған.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді.