Арыс қаласында полицейлерге құрмет көрсетілді

Dalanews 23 мау. 2017 10:12 771

2007 жылдың 5 маусым күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды - Полиция күні деп бекітті.  Осы мақсатта, бүгін қалалық мәдениет үйінде Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекелік іс-шараға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Болатұлы - «Сіздер, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға лайықты үлес қосып келесіздер. Сондай-ақ қаламыздың барлық табыстары мен жетістіктерін, Отанымыздың тыныштығы және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда ауқымды істер атқарудасыздар. Негізгі міндеттеріңіз халық сенімін барынша иеленіп, қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізді атқаруда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін!» -деп ізгі тілегін білдірді.

Ел алғысына бөленіп, қоғам мен халық игілігіне қызмет етуді мұрат тұтқан бірқатар азаматтар және зейнеткерлік жасқа толған құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан полициясына 25 жыл төсбелгісі мен  алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Мерекелік шара соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар