Ақтаудағы ұшақ апаты: 25 адам аман қалды

Қаракөз Амантай 25 жел. 2024 13:24 2200

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 25 адам аман қалды. Бұл туралы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуларынша, зардап шеккендер бойынша ақпарат әлі де нақтыланып жатыр.

“Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар. Оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды ”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиғаға байланысты мәлімет берген еді.

“Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (олардың бірі бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болды. Жергілікті жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Содан соң ұшақта болған адамдардың тізімі пайда болды.

Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берген болатын. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті".

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысқан. 

Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар