Ақтаудағы “Pinta” мейрамханасы маңында жаппай төбелес болды

Қаракөз Амантай 26 нау. 2026 10:06

Ақтауда "Pinta" мейрамханасының маңында болған төбелеске қатысы бар бес адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Криминальный Казахстан телеграм арнасының мәліметінше, оқиға 25 наурызға қараған түні шамамен сағат 05:00-де "Pinta" мейрамханасының алдында болған. Куәгерлер түсірген видеода екі ер адамның жерде жатқан үшінші адамды тепкілеп жатқан сәті көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға бес адам қатысқан. Олардың арасында құқық қорғау органында қызмет ететін адамның ұлы болғаны да айтылып жатыр.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің барлығын ұстаған. Екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, күдіктілердің туыстық байланыстары тергеу барысына әсер етпейді.

Ведомствоның баспасөз қызметі төбелеске қатысы бар барлық тұлға заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove