Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

Dalanews 07 ақп. 2025 13:30 2890

Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2025 жылғы 5 ақпанда іздестіру туралы іс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Бастамашы — сот. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті", — деп жазылған Сәдуақасовты іздестіру карточкасында.

Іздестіру себебі анықтамада нақтыланбаған, бірақ Тимур Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облысындағы титан-цирконий кендерін өндіруші Обухов тау-кен байыту комбинатына қатысты атышулы істе фигурант екені белгілі. 2025 жылғы қаңтарда апелляциялық саты бұл іс бойынша ақтау үкімінің күшін жойды, сотталушылар қамауға алынды, бірақ Тимур Сәдуақасовтың бұл кезде елде болмаған.


Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылғы ақпанда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар