Ақшаны депозит пен жылжымайтын мүлікке қарағанда акцияларға салған тиімді болып тұр - ҚҚҚ

Кәмшат Тілеухан 20 қаң. 2025 16:22 1619

2024 жылдың қорытындысы бойынша екі отандық қор нарығының индексі айтарлықтай өсті: KASE – 33%-ға, AIXQI - 28%-ға. Салыстырып көру үшін мына цифрларға үңіле кетсек: S & P500 - 23%, Nikkei - 19%, Shanghai - 13% және Stoxx600 индекстері 5,9%-ға өскен, деп жазады Dalanews.kz.

"Қазақстанның қор нарықтарының өсіміне  бірқатар қолайлы ішкі (жоғары дивидендтік төлемдер, бөлшек сауда базасының ағыны, қолайлы корпоративтік және рейтингтік оқиғалар, ел ішіндегі тұрақты жағдай) және сыртқы (сыни тәуекелдерге деген жоғары тәбет, монетарлық шарттардың жаһандық деңгейде жұмсартылуы, шикізатқа деген салыстырмалы түрде жоғары бағалар) факторлар ықпал етті", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.

Осы жағынан алғанда, сарапшылардың пікірінше, акциялар депозиттер мен жылжымайтын мүлікке қарағанда әлдеқайда тиімді екенін танытуда.

"Бағалар мен дивидендтік табыстың артуын ескере отырып, жергілікті нарықтағы тәуекел құралдарындағы пайда нормасы жинақтаушы құралдардың (теңгелік депозиттердің) кірістілігінен екі еседен, ал инвестициялаудың дәстүрлі баламалы құралы (тұрғын үй нарығы) кірісінен 10 есеге (жаңа тұрғын үйдің бағасы тек 3%, екінші нарықтағы тұрғын үй нарығында - 4,2% - ға өсті) асып түсті",- дейді сарапшылар.

Сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы бірінші жартыжылдықта акциялар бойынша дивидендтер төленеді деп күтілетінін,сондықтан аталған кезеңде жергілікті бағалы қағаздарға деген қызығушылық жоғары болатынын еске салады.

Бұған дейін сайтымызда "Биржада "Қазақтелеком" акциялары кенеттен қымбаттап шыға келді" деген мақала жарияланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар