АҚШ пен Израиль Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасауға дайындалып жатыр

АҚШ пен Израиль Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасауға дайындалып жатыр
Жи: Dalanews

АҚШ пен Израиль алдағы күндері Иранның энергетикалық инфрақұрылымына қарсы ауқымды әскери операция өткізуі мүмкін. Бұл туралы CBS News америкалық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ықтимал соққылар Иранның электр станциялары мен мұнай өңдеу зауыттарына бағытталуы мүмкін. Операция бірнеше күнге созылады деген болжам бар.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, операцияны бастау туралы шешім қабылданған және әскери іс-қимыл осы демалыс күндері басталуы ықтимал. Ақ үй Иранға қысымды күшейту арқылы оны келіссөздерге немесе талаптарды қабылдауға итермелеуді көздеп отыр.

Сонымен қатар, жарияланған мәліметтерге қарамастан, Ақ үй ықтимал операцияның егжей-тегжейін ресми түрде растаған жоқ. Сарапшылар жағдайдың өте құбылмалы екенін және соңғы шешім кез келген сәтте өзгеруі мүмкін екенін атап өтуде.