Антикор іздеу жариялаған Арғын Ниғматулиннің қандай активтері бар?

Көркем Алдабергенова 04 нау. 2025 12:31 33609

Арғын Ниғматулин – белгілі қазақстандық кәсіпкер және спорт қайраткері, Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ Нұрлан және Ерлан Ниғматулиндердің ағасы. Оның Қазақстандағы және шетелдегі негізгі активтері белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz Shishkin like телеграм арнасына сілтеп.
 
Спорт активтері:
  • “Сарыарқа” хоккей клубы: Арғын Ниғматулин 2009-2018 жылдары Қарағандының “Сарыарқа” хоккей клубын басқарды және Қазақстан хоккей федерациясының тең құрылтайшысы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері атағына ие.  
  • Doszhan Sport мұз айдыны: Арғын Ниғматулинге тиесілі “Nbn Inc.” ЖШС арқылы Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында орналасқан Doszhan Sport мұз айдыны және оның астындағы 0,5 гектар жер телімі бар. Компания 2018 жылы тіркелген және өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысады.  
 
Басқа бизнес активтері:
  • “N.A.Z.” шаруа қожалығы: Арғын Ниғматулиннің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бұл қожалығы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында орналасқан және негізінен жылқы өсірумен айналысады.  
 
Отбасы мүшелерінің активтері:
  • Амина Ниғматулина: Арғын Ниғматулиннің қызы, 2020 жылдан бері Қарағандыдағы қонақ үй бизнесімен айналысатын “Future Generation” ЖШС-нің иесі. Бұл компания Tumar Apart Hotel қонақ үйін басқарады деп болжанады.  
  • Найля Бельбаева: Арғын Ниғматулиннің жұбайы, оның атына Дубайдағы Bahar кешенінде 70 шаршы метрлік пәтер тіркелген. Бұл мүліктің құны шамамен 380 мың доллар.  
Айта кету керек, 3 наурызда Арғын Ниғматулинге іздеу жарияланып, ол және басқа тұлғалар Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар