Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды: полиция не дейді?

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 14:54

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, кеше Бостандық ауданында ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы бірнеше күннен бері табылмай жатқанын жаздық. Бұл туралы оның жары Ұлжан Шәріпбекова мәлімдеді.
 
Ұлжан Шәріпбекова "Бармысың, бауырым?" радиобағдарламасында күйеуін іздестіріп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Баир Сиқымбаев 24 наурызда шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған. Кейін оны іздеу басталып, полицияға да ресми түрде хабар берілген.
 
Бүгін ер адам өлі табылғаны белгілі болды. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove