Аляска тұрғындары жыл сайын мұнайдан түскен табыстан өз үлесін алады

Dalanews 29 қаң. 2020 11:14 935

2018 жылы Алясканың әрбір тұрғынына мұнайдан түскен табыс есебінен 1600 доллар көлемінде сыйақы берілген. Осы мақсатқа барлығы 726 млн долларға жұмсалған. 

Dalanews.kz осы ақпараттың ақ-қарасын анықтап, біраз қызықты мәлімет тапты.

Аляска әкімдігі тұрғындар шотына осы штатта тұрақтап қалғаны үшін алғыс ретінде жыл сайын ақша аударып отырады.

1976 жылы Алясканың сол тұстағы губернаторы Джей Хаммонд негізін қалаған қор бар. Әлеуметтік төлем осы қор арқылы беріледі.

Аляска штатының шенеуніктері осы қорға мұнайдан түскен табыстың 25 пайызын  аударып отырады.


“Мұнайдан түскен қаражатты ертеңге сақтап не болмаса мақсатсыз дүниеге рәсуа қылмайсыз. Штаттағы мұнай өндіретін компаниялар жергілікті бюджетке төлейтін салықтың 25 пайызын осы қорға аударып отырады. Қордағы ақшаны тұрғындарға үлестіру беруіміз керек деген шешім қабылдадық” – дейді Джей Хаммонд (суретте).

Қор жыл сайын атқарған жұмысының есеп-қисабын ресми сайтында жариялайды.

Төлем көлемі нарықтағы ахуалға байланысты өзгереді және адам басына шаққанда жылына орта есеппен 1150 долларды құрайды.

Бұған дейінгі ең қомақты төлемді аляскалықтар 2015 жылы алды. Бұ жылы штаттағы әрбір тұрғынның есеп-шотына – 2072 доллар аударылған.


Бұл қаражат тұрғындардың қолына тікелей берілмейді. Азаматтардың банктегі есеп-шотына аударылады. Оны қолма-қол ақшаға айналдыра алмайсыз. Мұнайдан түскен өзіңізге тиесілі үлесті нақты келісілген мақсатқа ғана жұмсауға рұқсат беріледі.

Атап айтқанда оқудың ақшасын төлеу немесе зейнетақы жинағына аудару, жанармай сатып алу немесе ел ішілік сапарға шыққан жол-пұлдың қажетін өтеу секілді қызмет түріне жұмсай аласыз.

Мұндай түскен үлесті Аляскаға табан тіреген азаматтардың барлығы бірдей ала алмайды. Осы штатқа біржола қоныс аударып, бір жылдан аса уақыт өмір сүрген және хат жүзінде әрі қарай да тұрақтап қаларын растаған тұрғындарға ғана беріледі.

Сотталған, ішімдікке, есірткіге салынған тұрғындар мұндай үлестен құралақан қалады.

Ілгеріде айтқандай төлем көлемі де әртүрлі. Әлемдік қаржы нарығының ахуалына қарай құбылып тұрады.

Мұнай түскен табысты үлестіріп беретін қор мәліметіне қарағанда, Аляска тұрғындарының шотына 2011-2015 жылдар аралығында мұншама қаржы аударылыпты:

  • 2011 жылы — 1174 доллар;
    • 2012 жылы — 878 доллар;
    • 2013 жылы — 900 доллар;
    • 2014 жылы — 1884 доллар;
    • 2015 жылы — 2072 доллар.


Аляска АҚШ-тағы ауқатты штаттың бірі. Американың статистика бюросы келтірген мәліметке ай табыс деңгейі жағынан Аляска аймақтар арасында 4-ші орында тұр.

Айталық 2018 жылы Аляскада тұратын бір отбасы орта есеппен 55 мың доллар табыс тауыпты.  Айға шаққанда бұл көрсеткіш 4583 долларды құрайды.

2015 жылы осындағы әрбір тұрғынға 2072 доллардан төленгенін ескерсек, аляскалықтардың айлығына 172 доллар қосымша табыс қосылған. Әлбетте әжептәуір көмек.


Аляскалықтардың басым бөлігі әлгі төлемді көбіне-көп жанармай алуға жұмсайды екен. Штаттағы жанармай галлонының (3,8 литр) бағасы  3,4 доллардың шамасында.

Аляска әкімдігі әлеуметтік көмекті штаттың тартымдылығын арттырып, қосымша жұмыс күшін тарту мақсатында аударатынын жасырған емес.

Дәл әзір Аляка АҚШ-тағы жер көлемі жағынан ең үлкен және халқы аз қоныстанған аймақтың бірі. 2018 жылғы дерекке сай штатта 738 мың адам өмір сүреді. Бір шаршы мильге бір адамнан келеді екен.

2018 жылы қордағы қаражаттың жалпы көлемі 63,9 млрд долларды құраған. Аляска тұрғындары әлеуметтік көмекті 42 жыл бойы үзбей алып келеді.

ӘзірлегенДуман БЫҚАЙ




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар