Алматыда Таиландтан есірткі жеткізбек болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
20 жастағы күдікті Бангкок – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Тексеру барысында оның жүгінен жалпы салмағы шамамен 11 келі болатын гашиш майы құйылған 12 пластикалық ыдыс табылып, тәркіленген.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі таңда іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеу қарастырылып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.