Алматы мен Түркістанда көп: Қазақстанда қанша ер адам бар?

Алматы мен Түркістанда көп: Қазақстанда қанша ер адам бар?
gov.kz

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда ерлер саны 10 044 673 адамға жеткен. Елдегі ер азаматтардың орташа жасы - 31,1 жас, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жас құрылымына келсек, 0-15 жас аралығындағы ұлдардың үлесі - 30,2 пайыз. 16-60 жас аралығындағы ерлердің үлесі - 56,5 пайыз. Ал 61 жастан асқандар - 13,3 пайыз.

Ер адамдар ең көп өңірлер қатарында Алматы мен Түркістан облысы бар, әрқайсында шамамен 1,1 млн ер адам тұрады. Бұдан кейін Алматы облысы (806,5 мың) және Астана (785,4 мың) тұр.

2025 жылғы дерек бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі - 51,6 пайыз немесе шамамен 4,8 млн адам. Жалдамалы қызметкерлер арасында олардың үлесі - 50,6 пайыз, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында - 55,1 пайыз.

Салалар бойынша ерлер көбіне өнеркәсіпте (16,5%), көтерме саудада (14%), ауыл шаруашылығында (12,4%) және көлік пен қойма секторында (11,1%) еңбек етеді. Жеке кәсіпкерлер ішінде де ерлердің үлесі жоғары: 54,7 пайыз.