Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің қайда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Instagram-дағы мәлімет бойынша, Бауыржан Байбек Жапонияда жүр.
Еске салайық, бұған дейін Бауыржан Байбектің үстінен сотқа арыз түскені туралы хабарлаған едік.
Бұл туралы заңгер, «STOP застройке» қозғалысының мүшесі Мұрат Қасенов айтты.
Қасеновтің сөзінше, ол арызды 2021 жылы жазған.
«Департамент қарастырамыз дегендей болды. Себебі олар қадағалаушы органсыз қарастыра алмайды ғой. Ал Алматының прокуратурасы қарастырудан бас тартты. Сондықтан Байбекке қатысты арызымды қайтадан дайындаймын. Себебі 2016 жылы салынған жобаларға қатысты айтарлықтай заң бұзушылықтар бар. Сондықтан ол үшін жауап болуы керек. Адамды жұмыстан қуып құтыла салмау керек, жауапкершілік болуы қажет. Жалпы қай әкімнің болмасын жұмысына кешенді тексеріс жүргізу дұрыс деп есептеймін. Барлық параметр бойынша тексеру керек, бәрі дұрыс болса ары көтеріле береді. Егер қылмыстық жауапқа тартатындай болса қылмыстық іс қозғау керек. Сол кезде тәртіп болуы мүмккін. Ал былайша әр әкім келіп, білгенін істеп, ол кетсе де ары қарай жалғаса береді. Салдарын қарапайым халық көреді», - дейді Қасенов «Елмедиаға».