Таңертең Алматының батыс бөлігінде қойма өртеніп, ауыздықтауға келмеген от жанындағы әкімшілік ғимаратқа өткен. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қою қара түтінмен қиындық туғызуда. Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды. Тіпті, өртті сөндіруге автопойыз да тартылды, деп жазады Dalanews.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл байланыс желісіне өрт туралы хабарлама сағат 8-26-да келіп түскен.
"Сағат 8.26-да өрт сөндірушілер мен өрт сөндіру құралдары жоғары дәрежеге Өтеген батыр, 15 "А" мекенжайына жіберілді. Олар 8.31-де оқиға орнында болды. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар қойманың өртеніп жатқанын, оттың сол маңдағы әкімшілік ғимараттың шатырына өтіп үлгергенін анықтады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге келіп түспегені де нақтыланады.