Алматыда 14 мамырда сағат 11:00-де сирена қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, осы күні Алматыда кезекті сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді.
Жаттығу барысында сиреналар іске қосылып, теледидар мен ұялы телефондарға арнайы хабарлама жіберіледі.
Мамандар дыбыстық белгі естілген кезде теледидар мен радионы қосып, интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардағы ресми ақпаратты қарап, әрі қарайғы әрекет бойынша нұсқаулықпен танысу қажет екенін ескертті.