Алматыда қуыршақ театрының қойылымдары аншлагпен өтіп жүр!

Жарбол Кентұлы 05 қыр. 2024 11:10 2799

Қазіргі таңда балалар уықатын көңілді өткізу үшін үлкен сауда орындарына барғанда жөн санайды. Иә, бұл әлемдегі тенденция. Жалғыс Қазақстанда емес. Қазір сауда орындарында балаларды магниттей тартып тұратын кинотеатр, фаст-фуд, ойын алаңдары, кітапхана, түрлі дүкендер бар. Сондықтан бала біткен сабақтан қолы болсағанда «Мегаға» барғысы келіп тұратынын түсінуге болады. Ірі қалаларда балалар баруы тиіс қуыршақ театыры жұмыс істейді. Осыған дейін елімізде қуыршақ театрлары мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде санылып келді. Қуыршақ театрлары балалар мен жасөспірімдер жиі баратын мәдениет ошағы ретінде өзінің маңызын әлі де жойған жоқ. Қайта соңғы уақыттары қуыршақ театрына баратын көрермендердің қатары арта түскен. Бұған Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Абдрахмановпен тілдескенімізде көз жеткіздік.

Иә, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қуыршақ театрлары ауыр кезеңді бастан өткіргенін бәріміз білеміз. Ал қазір жағдай айтарлықтай түзелген. Соңғы жылдары елдегі қуыршақ театрларының жағдайы жақсар түсуіне мемлекеттік қолдауы айрықша ықпал еткенін айтуға тиіспіз.  

Бүгінде елімізде қуыршақ театрлары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Әрбір театрдың өзіне тән репертуары бар. Қуыршақ театрларында ұлттық және шетелдік ертегілер, фольклорлық элементтер мен заманауи авторлардың шығармаларынан түрлі  репертуарына жасақтап келеді.  

Қазіріг таңда театрлар дәстүрлі және заманауи қойылымдарды қатар қойып, балалардың қызығушылығын оятуға барын салып келеді. Авторлар мен режиссерлер ұлттық нақышты сақтай отырып, әлемдік шығармаларды да сахналап жүргенін айта кетуіміз керек. Мұның өзі көрермендердің әртүрлілігін қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры елімізде балаларға арналып бой көтерген алғашқы өнер ордасы. Сондықтан театрдың бай тарихы бар. Оған қазір шамамен 90 жылдан асып кетті. Театр жұмысын бастаған күннен бастап, талантты әртістерді тартып, көптеген гастрольдер ұйымдастырып, қуыршақ театыры өнерін дамытуға барынша үлес қосып келеді.

Театр репертуары ір алуан, тіпті түрлі жастағы көрермендерге арналған классикалық және заманауи қойылымдарды қамтған десек болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өнер ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жөндеу жұмысынан кейін театр ғимараты заманауи келбетке еніп, жұмысын жандандыра түсті.  

Қуыршақ театарының қызметкерлері өздерінде адамдар мен жануарлардың бейнесіндегі көптеген қуыршақтар бар екенін алға тартты. Ең ескі қуыршақ – Жалмауыз кемпірдің бейнесі екен. Ол 1940 жылы тігіліп, осы аттас спектакльде негізгі кейіпкер болған. Мамандар әр спектакль үшін жаңа декорациялар мен қуыршақтар дайындалалатынын алға тартты. Ал ең жаңа қуыршақтар – ғашық екі жұп. Бұл – Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен шабыт алған «Өмір – өзен» спектаклінің кейіпкерлері. Мұндай қуыршақтар планшеттік деп аталады, яғни, мұндай қуыршақтар сахнада жүре алады.

Қазіргі таңда қуырышақ театрының қоржынында 22 қойылым бар. Оның көбісі халық ертегілері, аңыздар, Шығыс пен Батыс классикалық шығармаларынан қойылған. Олар – «Қанбақ шал», «Атамекен», «Керуен-Дала», «Тарқамайды тойымыз», «Чемпион Қожа», «Ертегілер әлемінде қонақта: Шалқан, Маша және Аю,  Үйшік», «Кішкентай бақаның шытырман оқиғасы», «Мейрам жалғасады», «Аладдиннің үлкен шамы», «Үш торай», «Али баба және қырық қарақшы», «Алтын балапан», «Арыстанның қорқынышын қалай емдейміз» сынды балалардың көңілінен шыққан қойылымдар.

Қуыршақ театрының директоры Алмат Абдрахмановтың айтуынша, қуыршақ театры тек балаларға арналған деген пайымын ортаға салды. Қайта, театр қазір екінші жаңғыруды бастан кешуде. Мұны көрермендер санының артуы мен театрдың репертуары да дәлелдейді.

– Біздің театрда үлкендерге арналған репертуар бар. Біз әлемдік классиканы да сахналап жүрген жайымыз бар. Айталық Шекспир, Макбет, Ромео мен Джульеттаны да қойып жүрміз. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлына арналған ірі қойылымдармыз да бар. Қазіргі таңда театрға бару трендке айналғаны бізді қуантады. 5-10 жыл бұрын залда тек 15-20 адам отырушы еді. Қазір біздің әрбір қойылымымыз аншлагпен өтеді. Мәселен, өткен жылы 80 мыңнан астам көрермен келген. Ал бес жыл бұрын жылына бар болғаны 20-30 адам келуші еді. Қазір жағдаймыз жақсы. Табысымыз артып, әртістеріміздің көңіл-күйі жоғары деңгейде. Біз үнемі көрермендерге қандай қойылымдар ұнайтынын қадағалап, олардың ой-пікірін басышылққа алып отырамыз, – деп театр басшысы көкейде жүрген ойын бөлісті.

Театр басшысымен тілдескенімізде замануи техникалық құрал-жабдықтар қойылымдардың көркемдік деңгей көтеріп, көрермендердің қызығушылығын оятқанын білдік. Бүгінде қуыршақ театрлары мультимедиялық технологиялар қолданылып, интерактивті спектакльдер де ұсынуда.

Тетар болғаннан кейін өзне тән мәселесі болатыны белгілі. Бүгінде еліміздегі қуыршақ театрларында кәсіби мамандардың жетіспеушілігі туындай бастаған. Қуыршақ ойнататын актерлерді дайындау, режиссерлер мен суретшілерді тарту мәселесі өзекті болып тұр. Өйткені, жастардың бұл саланы көп таңдамайтыны жасырын емес. Сондықтан мәдениет және өнер саласындағы білім беру мекемелері қуыршақ театр өнеріне маманданған кадрлар даярлауға күшсалуы керек. Осылайша жас таланттарды тарта бастаған жөн.  

Бүгінде Алматы қаласындағы қуыршақ театры шетелдің театрлармен әріптестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасу ісіне де барынша көңіл бөліп келеді. Мұндай мәдени ынтымақтастықтар еліміздегі қуыршақ театрларының жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Осы ретте театарлардың  халықаралық фестивальдерге қатысып, еліміздің өнерін өзге елдерге таныту ды маңызды. Бұл бағытта да жұмыстар жүріп жатыр. Алдағы қазан айында елімізде оншақты елдің қуыршақ театрлары келіп, өз өнерлерін көрсетпекші. Қуыршақ театарының директоры осы іс-шараға барынша дайындалып жатқанын алға тартты.

Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында 41 жыл бойы қызмет еткен Еркеш Жүнісова осы уақыт ішінде кішкентай қыздардан бастап, Жалмауыз кемпірге дейінгі көптеген рөлдерді сомдаған нағыз мәдениет майталманы. Өз жұмысын шын жүректен берілген актриса шығармашылығы арқылы ересектер мен балаларға қуаныш сыйлайтынына сенетінін алға тартты.

– Қуыршақ театры әр кезеңде де елімізде танымал болды. Өйткені, қуыршақ театры кішкентай көрерменді тәрбиелеудің бір жолы деп білемін. Егер үй іргетастан басталатын болса, онда үлкен театрлардың болашақ көрермендері қуыршақ театрынан өсіп шығатына сенімдімін. Болашақ театр сүйер қауым, өнертанушылар, театрға ғашық жандар дәл осы жерде өнерге деген алғашқы махаббатын сезінеді, – дейді актриса.

Иә, елімізде өнердің маңызын түсінетін алғашқы көрермендер осы қуыршақ театарынан басталатыны анық. Еліміздегі қуыршақ театрлары мәдениетті дамытып, балаларға тәрбие беруде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Олар ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға және өздерінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосады. Сондықтан қуыршақ театырларын үлкен өнерді сезінудегі алғашқы баспалдақ десек артық айтқандық боламас еді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар