Алматыда жұмысшы 12 қабаттан құлап кетті

Қаракөз Амантай 04 жел. 2024 11:13 281

Алматыда 27 жастағы өндірістік альпинист баннер орнату кезінде 12-қабаттан құлап, қаза болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі "Әсем Плаза" тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Алматы Полиция департаменті еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Baq.kz агенттігіне.

Еске салайық, бұған дейін Түрксіб ауданындағы “Norma Logistics” ЖШС-не тиесілі қойма кешенінде жұмысшының қаза болғаны туралы жазған едік.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 21 жастағы азамат дәнекерлеу жұмыстарын атқарып жатқан сәтте жедел сатының астына түсіп қалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Түрксіб аудандық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар