Алматыда жаңа салынған орталық мешіт 14 қарашада ашылуы мүмкін. Бұл туралы Діни басқармаға жақын дереккөздер мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мешіт құрылысы жыл басында толық аяқталған. Сол уақыттан бері жаңа нысанда екі рет айт намазы өткізілді. Алайда ресми ашылу рәсімі болған жоқ. Ел арасында мешіттің ашылуы құжат рәсімдеу мәселесіне байланысты кешіктірілді деген ақпарат та тараған.
Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері мешіттің 14 қарашада ашылмауы мүмкін екенін жеткізді.
"Әзірге нақты ақпарат жоқ. Бірақ осы айда ашылады", - деді олар.
Айта кетейік, жаңа орталық мешіт Орталық Азиядағы ең ірі діни ғимараттардың бірі. Оған 20 мың адамға дейін сияды.
