Алматыда BRT құрылысына байланысты кей көшелерде жарық уақытша сөнеді

Ақтоты Жапатова 28 мам. 2025 12:25

Алматыдағы Райымбек батыр даңғылындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде жарық сөндіріледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, осы аптада Райымбек батыр даңғылында мынандай жұмыстар қолға алынды: 

  • Ескі жабындыны алу, тротуар бойына жиектас пен гранит жиектас орнату;
  • Тас төсеу және арық науаларын орнату;
  • Суару және көше жарықтандыру жүйелері үшін траншеялар дайындау;
  • Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салу.

"Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар орнатылып, жарық тартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылмақ. Бұл тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы", - деп атап өтті әкімдіктен.

Жөндеу жұмыстары барысында Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, көше жарығы сөнуі мүмкін.

Осыған дейін BRT құрылысы кезінде бүлінген жиектер ғана ауыстырылатыны туралы жазғанбыз. 

Еске салайық, Райымбек даңғылында BRT құрылысы сәуір айында басталған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар