Алматы әкімдігі BRT салу кезінде бүлінген жиектерді ғана ауыстыруға уәде берді

Ақтоты Жапатова 22 сәу. 2025 10:17 195

Алматы қалалық мобильділік басқармасында жолдарды жөндеу кезінде қандай жағдайда жол жиегіндегі тастар ауыстырылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Жолдарды пайдалану барысында зақымдану немесе орын ауыстыру болуы әбден мүмкін, ал бұл арасындағы жол жарығының пайда болуына әкеледі. Жол жиегі және жол жамылғысы да бүлінуі мүмкін. Соның салдарынан беріктік пен сапа төмендейді. Мұндай жағымсыз олқылықтарды болдырмау үшін асфальтбетон жабынын төсеу арқылы жолдардың пайдалану сипаттамалары бойынша бір деңгейде орнатылған жиектер болуы шарт", - делінген хабарламада.

Басқарманың айтуынша, тегістеу оларды ауыстыруды білдірмейді.

"Тек ақауы бар зақымдалған жиектер ауыстырылады. Көшелерді орташа жөндеу барысында жиектердің шамамен 3%-ы өзгереді - бұл қала бойынша орташа көрсеткіш. Райымбек батыр даңғылында BRT желісін салу кезінде тек зақымдалған жиектерді ауыстыру жүзеге асырылады. Олардың дәл саны ақау нәтижелері бойынша анықталады", - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасында.

Еске салайық,бұған дейін 23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында BRT желісін іске асыру жұмыстары басталатанын жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар