Алматыда BRT құрылысы 2025 жылы басталады

Алматыда BRT құрылысы 2025 жылы басталады
фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылында BRT жобасы 2025 жылы басталатынын мәлімдеді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылында BRT жобасы 2025 жылы басталатынын мәлімдеді. 

"Райымбек бойынша BRT жобасы даңғылды қасбеттен қасбетке дейін жаңартуды көздейді", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, жұмыстар келесі жылы басталып, жолдардың шекті жабылуымен, тоқсан сайын жүргізілетін болады. Жоба аясында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ құрылып, қиылыстардың жанына жаңа аялдамалар орнатылады, сондай-ақ бүкіл көшені кешенді абаттандыру жүргізіледі. Ұзын автобустар мен олардың жолын бөлу арқылы қаланың шығыс және батыс бөліктерінің көлік байланысы артады. 
Жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: 

Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
Сейфуллин даңғылынан Ахременко көшесіне дейін;
Ахременко көшесінен "Барлық" базарына дейін. 

BRT жобасы – Алматы Бас жоспарының 2040 жылға дейінгі бөлігі, ол көлік инфрақұрылымын және қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін жақсартуға арналған.