Алматыда балалар арбасына дәрет сындырып кеткен адам анықталды

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2026 16:30

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балалар арбасына дәрет сындырып кеткен адам анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы Полиция департаменті қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізгенін хабарлады.

"Ер адамның жеке басы анықталды. Қазір полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.

Алматы қаласының полициясы тұрғындарды қарапайым ережедерді сақтауға және айналадағыларға құрметпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың ашуын туғызды. Желі қолданушысының сөзінше, көршісіне тапсырыс жеткізген ер адам балалар арбасына дәрет сындырып кеткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove