Алматы облысының экс-әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2025 10:50 2585

Алматы облысының экс-әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы хабарды сенатор Жанболат Жөргенбаев facebook парақшасында хабарлады. 

"Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді. Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда", деп жазды сенатор.

Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы (1966 жылы Алматы облысы, Күрті ауданында дүниеге келген) - Алматы облысының бұрынғы әкімі.

Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар