Алматы облысында тағы бір игерілмеген жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Кәмшат Тілеухан 04 қаз. 2024 11:04 2629

Алматы қаласы маңындағы Бесағаш ауылдық округінде техникалық қызмет көрсету станциясы, автокөлік жуу орыны, жанармай құю станциясы және қонақ үй салынады деп алынған жер телімі тексере келгенде қараусыз бос жатқаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,5600 гектар жер учаскесіне тексеру жүргізді. Жер учаскесі техникалық қызмет көрсету станциясын, автокөлік жууды, жанармай құю станциясын және қонақ үйді салуға арналған. Тексеру барысында бұл аталған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және қараусыз қалғаны анықталды", делінген 3 қазанда ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жер ресурстарын басқару департаменті оны алып қою туралы сотқа талап қоюға бастамашы болды.

"Алматы қаласы сотының шешімімен аталған талап толық көлемде қанағаттандырылды", делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар