Freedom Inside '26

«Алға, Қазақстан!» қозғалысының белсендісі Амангелді Жахин 7 жылға сотталды

«Алға, Қазақстан!» қозғалысының белсендісі Амангелді Жахин 7 жылға сотталды
ашық дереккөз

Көкшетау қалалық соты тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының белсендісі Амангелді Жахинді жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Белсендіге «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Бұл туралы белсенді Сейілхан Түсбеков мәлімдеді.

Амангелді Жахин бұған дейін «Алға, Қазақстан!» партиясының ұйымдастыру комитетін басқарған.

Айыптауларды мойындамаған

Жахин өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Ол тағылған кінәні мойындамағанын бірнеше рет мәлімдеген.

Айта кетейік, осыған ұқсас айыптар бойынша 2023 жылдың қараша айында «Алға, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі, ультрамарафоншы Марат Жыланбаев та жеті жылға сотталған болатын.

Жыланбаевқа да «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Ол да өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.