"Әлеуметтік көмек алатындардың қатары қысқарады". Жақыпова маңызды мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 20 мау. 2025 12:08

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мемлекеттен әлеуметтік көмек алушылардың қатары қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, енді бірнеше мүлкі бар, табысы жоғары отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола алмайды.

"Әлеуметтік көмек шын мұқтаж жандарға ғана берілуі тиіс. Егер отбасы өздері инвестор болып, әрбір мүшесіне шаққанда 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен артық табыс тапса, екі немесе одан да көп автокөлігі, екі немесе одан да көп жылжымайтын мүлкі болса, бұл отбасы жеткілікті тұрмыстық жағдайда болып есептеледі. Мұндай азаматтар әлеуметтік қолдауға мұқтаж емес", — деді министр.

Жақыпованың сөзінше, табысы әр адамға шаққанда 200 мың теңгеден асатын отбасылардың жиынтық табысы 6 адамнан тұратын жағдайда 1,2 миллион теңгеге жетуі мүмкін.

"Мұндай отбасылардың да мемлекеттен қолдау алуы қисынсыз", - деді ол.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмектің әділ әрі нақты берілетін тетігін қалыптастыру үшін қосымша сүзгілер енгізуді жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар