Freedom Inside '26

Әлемдегі ең бай адамдар бір күнде 336 млрд долларға байыды

Әлемдегі ең бай адамдар бір күнде 336 млрд долларға байыды
gov.kz

Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша әлемдегі ең бай 500 адамның жиынтық байлығы бір тәулікте 336 миллиард долларға артты. Bloomberg мәліметінше, бұл – тарихтағы ең ірі күндік өсім, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі таңда аталған миллиардерлердің жалпы дәулеті 13,3 триллион долларға жеткен.

Ең үлкен өсім америкалық кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі болды. Оның байлығы бір күнде 164 миллиард долларға көбейіп, 1,27 триллион долларға жетті.

Сондай-ақ Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің дәулеті 9,16 миллиард долларға, Oracle корпорациясының тең құрылтайшысы Ларри Эллисонның байлығы 8,92 миллиард долларға өсті.

Google негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің байлығы тиісінше 7,61 миллиард және 7,01 миллиард долларға артқан. Ал Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос бір тәулікте 6,96 миллиард долларға байыған.