Бұған дәлел алдағы Қызылорда облысының Арал ауданында титан өндіретін кен байыту комбинаты салынады.
Облыс үшін орны ерекше жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген.
Қазірде салынатын нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда. Ал жоба құны 3,4 млрд теңгені құрамақшы.
Қазақстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыратын комбинат құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Өндіріске қажет шикізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алынбақшы.
Айта кетсек, титанның негізгі бөлігі ракета-космос өндірісінде және химиялық, биомедициналық, зергерлік өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.
Бұл өз кезегінде Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық өміріне өзгеріс әкелері анық. Бұл сөзімізді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та қуаттап отыр.
«Комбинатқа қажетті шикізат негізінен жергілікті жерден қаралып жатыр. Арал өңірінде ашылмаған әлі де элементтер көп қой. Мен білсем, Менделеевтің барлық элементтері осы Арал өңірінен табылады. Бұл біздің аудан үшін үлкен мүмкіндік. Бастысы жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді аудан басшысы.
Әзіргі таңда жер қыртыстарына зерттеу жұмыстары жасалып және Ақеспе елді мекенінде жерасты ыстық суы ағып тұр. Міне, осының да құрамын зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Негізгі шикізат Арал өңірінен болады деп жоспарлануда.